«Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.
Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының делегат мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы қатысты.
Жәрмеңкеде биылғы бітіруші түлектерге, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, бос орындар, ерікті түрде Солтүстік өңірге қоныс аудару бағдарламасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсіндірме жүргізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпараттық кеңестер берілді.
Жәрмеңкеде 82 мекеме 963 тұрақты жұмыс орнын таныстырып, қалған жұмыс берушілер онлайн түрде бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы, 150-ден астам мекемеден 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды.
Жұмыс берушілерден 500-ге жуық жас кеңес алып, 103 адамға жолдама берілді. Атап айтқанда, 50 адам тұрақты жұмысқа, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жасқа «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес берілсе, ал 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді.
Шымкент қаласында ерекше форматтағы танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті. Патрульдік полиция полкі мен жас жол инспекторлары бірлесе ұйымдастырған шара аясында мектеп оқушылары полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, құқық қорғау органдарының қоғамдағы орны мен маңыздылығын жан-жақты түсінуге мүмкіндік […]
1 қыркүйек — тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, балалардың жүрегіне шаттық пен үміт сыйлайтын ерекше мереке. Осы күні Шымкент қаласында ерекше және есте қаларлық шара өтті: Полиция департаментінің қызметкерлері оқушыларды Білім күнімен құттықтап, […]
Шымкент қаласының ерікті жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, «Тарихи күндер тізбегімен» атты өңірлік мәдени-танымдық фестивалі қарсаңында Маятас демалыс аймағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі ретінде аймақтағы […]
Пікір қалдыру