Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың тиімділігінің басты өлшемі – тұрғындар табысының артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруы. Бұл ретте Мемлекет басшысы экономиканың өсімін халықтың өмір сапасына тікелей әсер ету қажеттігін жеткізіп, нақты міндеттер жүктеген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерімен қатар жергілікті бюджеттің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда бюджет көлемі 764 млрд теңгені құрап, соңғы 6 жылда 5,2 есеге өсті. Осыған орай, өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 15 мыңға жуық қызметшінің жалақысына қосымша 22 000 теңге ынталандыру үстемеақысы тағайындалған болатын. Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемі 140 000 теңгеден асты.
Халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мұндай игілікті бастамалар қала кәсіпкерлері тарапынан да қолдау тауып, бірқатар жеке сектордағы жалақы көрсеткіші де артып келеді.
Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады. Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас […]
2020 жылғы 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен Шымкентке «TENGIZCHEVROIL» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі қала тұрғындары. Аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Олармен байланыста болған 64 […]
Қоғам тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі тірегі – заң мен тәртіп. Бұл ұғымдар әрбір азаматтың күнделікті өмірінде ерекше орын алуы тиіс. Заңды сақтау – тек қорқыныштан емес, саналы таңдау ретінде орындалуы қажет. Ал тәртіп – адамның […]
Пікір қалдыру