Түркістан қаласында «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай бір ай бойы өткізілген іс-шараның қорытынды жиыны өтті. Маңызды шараға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев, есірткі қылмысына қарсы кеңес мүшелері, облыс жастары мен қонақтары, жалпы барлығы 300-ге жуық адам қатысты.
Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда профилактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Сахна төрінде патриоттық рухтағы әндер шырқалып, есірткіге қарсы драмалық көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Ал Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.
Сонымен қатар Полиция департаменті басшылығы «Біз есірткіге қарсымыз» ұранымен түрлі сайыстар мен спорттық іс-шараларда жүлделі болған жастарымызға бағалы сыйлықтар үлестірді. Ал есірткіге қарсы күреске шараларына белсенді қатысқан нарколог мамандары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен кеңес мүшелері генерал-майор Мұрат Қабденовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Жалпы мақсат-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнай ықатысып, […]
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, […]
Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында экология департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 81 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 – жеке тұлғалардан, 21 — заңды тұлғалардан. Қазіргі таңда 7 өтініш қарауда. Жалпы 74 өтінішке […]
Пікір қалдыру