Түркістан қаласында «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай бір ай бойы өткізілген іс-шараның қорытынды жиыны өтті. Маңызды шараға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев, есірткі қылмысына қарсы кеңес мүшелері, облыс жастары мен қонақтары, жалпы барлығы 300-ге жуық адам қатысты.
Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда профилактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Сахна төрінде патриоттық рухтағы әндер шырқалып, есірткіге қарсы драмалық көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Ал Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.
Сонымен қатар Полиция департаменті басшылығы «Біз есірткіге қарсымыз» ұранымен түрлі сайыстар мен спорттық іс-шараларда жүлделі болған жастарымызға бағалы сыйлықтар үлестірді. Ал есірткіге қарсы күреске шараларына белсенді қатысқан нарколог мамандары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен кеңес мүшелері генерал-майор Мұрат Қабденовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Жалпы мақсат-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Бүгінде Түркістан облысы ауылдық аймақтарды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Соның бір айғағы – Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінде қолға алынған жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы. Аудан әкімі […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Мәдениет және спорт […]
Мемлекет басшысы білім беру мекемелеріне арналған жиһаз шығаратын «Аqniet Holding» өнімдерін көрді Соңғы үш жылда компания 50-ге жуық мектепті жабдықтаған. Мұнда «Жайлы мектеп» стандартына сай жиһаздар, «KAZMEDPRIBOR» компаниясымен бірлесіп, медицина мекемелеріне арналған жабдықтар жасалады. Президент […]
Пікір қалдыру