Биыл Қазақстан Полициясына 33 жыл. Осынау айтулы күнде Түркістан облысы Полиция департаменті салтанатты шара өткізді. Жиынға ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.
Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік туы құрметпен кіргізілді. Әнұран шырқалып, жиынға қатысушылар ПД-де қызмет етіп, жұмыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті. Полиция қызметінің асқан жауапкершілігі бейнеленген театрландырылған қойылым көрсетілді.
Ал алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімі Нұралхан Көшеров алып, өңір тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшыларын марапаттады. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік генералы Болат Қалмырзаев та ыстық ықыласын арнап, полицейлерге алғыс білдірді. Одан әрі құттықтау сөзін полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов алып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген полицейлерге ризашылығын білдірді.
«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері! Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, арамызда ақыл кеңестеріңізді аямай, қоғамның дамуына үлес қосып жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Еліміздің қорғандары, қадірлі әріптестер! Заң мен тәртіп қағидаты мен қоғамдық тұрақтылық жолындағы еңбектеріңіз ел алдында елене берсін! Қызметте сәттілік пен абырой тілеймін!», — деп ақжарма тілегін жаудырды.
ҚР ІІМ-нен арнайы келген түрлі санаттағы марапаттар өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хаттар өз иелеріне үлестірілді. Осылайша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге қошемет көрсетілді.
Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сақшылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар — алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті. Сахна төріне Асқар Жүнісбеков пен облыстың өнер майталмандары шығып, ән шырқап, жиналғандарға мың бұралған бишілер биін тарту етті. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.
Қызылорда облысының делегациясы «Тауарлық балық (акваөсіру) шаруашлығын дамыту мүмкіндіктері» туралы тәжірибе алмасу семинары аясында Түркістан облысының Келес ауданында болды. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бастаған делегация мен балық шаруашылығымен айналысатын бір топ кәсіпкерлер […]
Ауылшауашылығы дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Ол адм денсаулығына әсері болатын белгілі. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің […]
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Пікір қалдыру