Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер гендерлік саясатының мәселелерін қаузағанын да айта кеткен жөн. Бұған қоса, Нәзір Төреқұловтың туылғанына 125 жыл толуын атап өту мәсілісі де айтылды. Мұнан өзге, тұрғындар тұрғын үй кезегін жылжыту жөнінде көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.Қоғамдық қабылдауға келген Сайрам ауданы Теспе елдімекенінің тұрғыны зейнеткер Жамалбек Пернеев ауылдағы электр бағаналарының ескіргенін айтып шағымданды. «Ауылымыздағы электр бағаналары әбден тозып, құлаудың алдында тұр. Бұл мәселені көтьеріп, аудан басшылығына да шағым түсіргенбіз. Алайда бұл мәселенің оң шешімі болмау тұр»,- деді зейнеткер Сайрамдық Жамалбек Пернеев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі: Аудан-қала әкімдері тиісті индикаторларды толық орындауы қажет
ОҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында ішкі істер департаментіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі жыл сайын ұлғайғанымен салаға қатысты бірнеше индикаторлардың орындалмауы байқалады. Атап айтқанда, жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесінің жоспары 3,4 пайыз болса, нақты 9 айда – […]
ОҚО әкімі: Астана өз атын тәуелсіздік шежіресіне алтын әріптермен жазды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.«6 шілде – бүкіл қазақстандықтардың мерейлі мерекесі. Себебі, Астана – әрбір қазақстандықтың көз қуанышы, көңілдегі зор мақтанышы. Тарихи тұрғыдан алғанда қас-қағым сәт […]
ОҚО әкімі Қытайлық «CNPC» компаниясын өңірдегі әлеуметтік жобаларға атсалысуға шақырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қытайлық CNPC компаниясының бас директоры Биан Дыжымен кездесті. Кездесу барысында екі тарап Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ секторын дамыту мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңа кезеңге шығару жайын сөз […]
Пікір қалдыру