6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты көрінісінен бастау алған мерекелік кеш Мақтаралдың тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.Мерекелік кеште аудан әкімі Ғ.Исмаилов сөз сөйлеп, жыл сайын ерекше тойланатын «Астана күні» мерекесімен мақтаралдықтарды құттықтады. Астананың күллі әлемге танылып, әлемдік діндердің басын қосқан алғашқы қала ретінде дүние жүзі тарихында өз орнын ойып тұрып алғанын, экономикалық форумдар, түрлі саяси келісімдер т.б. іс-шараларды өткізіп жатқан Елордамыз дәл қазіргі уақытта әлем жұртшылығы көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізіп жатқандығын аудан басшысы ерекше атап өтті.Сондай-ақ, Ғ.Исмаилов аудан аймағын көркейту, көгалдандыру, халық арасында санитарлық тазалықты насихаттау және ынталандыру мақсатында өткізілген «Үздік ауылдық округ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев мақтааралдықтармен кездесті
Мақтарал ауданына іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев келді. Тұрғындармен кездесу жиынына аудан әкімі Ғалым Исмалов, ауылдық округтің әкімдері мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен мәдениет саласының мамандары, бұқаралық […]
Мақтааралда сыртқы және ішкі инвестиция есебінен бірнеше өндіріс орындары ашылмақ
Мақтаарал ауданындағы «Soldatos» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры А.Шынтаев, бұған дейін ауданда мобильді асфальт зауытын іске қосып, Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан инспекторлық жолдарға асфальт беріп келгенін айтады. Сонымен бірге ол екінші желісін келер жылдың жаз айында аяқтауды […]
Мәжіліс депутаты Мақтааралға барды
Мақтааралдағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жаңалықтарын өңірге барынша кеңінен ендіру үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды көбейту мәселесін айтқан ғалымдар мәжіліс депутатынан көмек сұрады. Өз кезегінде Құдайберген Ержан бұл мәселені Парламентте көтеріп шешіп беруге […]
Пікір қалдыру