Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға еш нәрсеге күш салмай-ақ, әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшерін алу, не болмаса жобаға қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі туып отырғын айта кетпеуге болмайды. Сонымен қатар, жеке ісін (мал, құс және өсімдік шаруашылығымен шұғылдану) ашу үшін 3 айдың шартты ақшалай көмектің сомасын бірден алу таңдауы беріліп отырғанын да айтуымыз қажет.Сонымен қатар, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеке қосалқы шаруашылықты және кәсіпкерлік қызметті дамытуға біржолғы қаражат сомасын төлеу арқылы жәрдемдесу тиімділігін байқатып үлгерді. Қазіргі таңда «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 400 біржолғы шартты ақшалай көмек алушы жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркеліп отыр. Мұнан бөлек, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде шартты ақшалай көмек алушылардың кірісі 3,2 есеге өсіп отыр. Осының арқасында орташа алғанда адам басына айына 18,1 мың теңге межеледі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды
ОҚО-да өткен Қазақстан фермерлер одағының алқалы жиынында агроөнеркәсіп кешенін дамытуда белсенділік танытып, еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.Бүгінде фермерлер одағының еліміздің 8 […]
Ақсу ауылында 150 тонна сүт өңдейтін зауыт салынбақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Компания Натур Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 […]
ОҚО-да жалпы қылмыс саны 13,6 пайызға төмендеген
ОҚО-дағы жергілікті полиция қызметі — облыстың қылмыстылық жағдайын төмендетуді басты мақсатқа қойып отырғанын айтқан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Абдығани Сейдуалиев облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтты. […]
Пікір қалдыру