Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Сонымен қатар, күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйыдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор құрметпен алғыс хат тапсырып, арнайы марапаттады.Мұндай қуанышты хабарды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бұл игі бастама мәдени шараға қатысып қайтқандарды қанаттандырып қана қойған жоқ, тиісінше күнгейлік жастолқынның үш тілді меңгеруге деген құлшынысын арттырғаны ақиқат. Яғни, бұл арқылы Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы да жүйелі жүзеге аспақ.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің негізін үйренемін деушілер жыл санап артып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздардың өз ісін бастауына қолдау бар. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренді. Үздік жобалардың дамуы үшін субсидия бөлу де қарастырылған. Бұған дейін жұмыссыздар қатарын толықтырып келген Дүрия […]
Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған еңбекші жастар спартакиадасы өз мәресіне жетті!
Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті.Мақсаты — Қазақстан Республикасының […]
Оңтүстікте киелі жерлердің тізімі анықталуда
Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша «Қасиетті Қазақстан» орталығының директоры Берік Әбдіғаниұлымен кездесу өтті.Маңызды кездесудің мақсаты — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласындағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады. […]
Пікір қалдыру