Бүгінде қазақ-қырғыз тек туған-туыс ғана емес, болашақтың бағытын бірге бағдарлап, бір мақсатқа қол созған мүдделес екі мемлекет. Екі халықтың арасындағы қарым-қатынастар – саяси, экономикалық сауда және руханият саласында болсын – өте жоғары деңгейде дамуда. Енді, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ісі саясат сахнасындағы жаңа кейіпкер Сооронбай Жээнбековке артылған сенім. Демек, мемлекет басшысы ішкі тұрақтылық пен басқа мемлекеттермен сыртқы байланысты реттеу мәселесінде таразының екі басын тең ұстауы қажет. Осы мақсатта күні бүгін Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстанның Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған делегация өкілдерінің екі ел тарапымен жасаған келіссөзі. Бұл ауқымы кең басқосу экономикалық байланыстар бойынша, жан-жақты мәселелерді талқылап, алдағы мақсаттарды айқындап берген кездесу болды. Онда 2017 жылдың 19 қазан күні түнгі сағат 12-ден бастап, екі елдің шекараларынан өтуде басым бағыттардың тәртібі қамтамасыз етілетіндігі жөнінде келісілген. Демек, екі жақты тауар айналымы да ретеледі деген сөз.
Ұқсас жаңалықтар
Шардаралық білекті жігіттер Қырғызстанда көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды 23 рет шырқатты
5 — 10 маусым күндері аралығында Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл демалыс аймағы, Бостери қаласында жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы армрестлингтен XVI Азия чемпионаты аяқталды.Ыстықкөл жағасында 3 күнге созылған айтулы додада Азия құрлығының Жапония, Үндістан, Корея, Малайзия, […]
Айгүл Әлішер: Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасы ресми түрде жақсы дамыған
Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің жастары да өз ойларын білдіруде. «. Көлік транзиті, еңбек көші-қон мәселесі де жолға қойылған. Екі ел арасындағы байланыстың одан әрі дамығанын кешегі екіжақты үкімет басшыларының келіссөзінен аңғару […]
ОҚО-ның ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуеті артып келеді
Жалпы Оңтүстік Қазақстанда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін […]
Пікір қалдыру