Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.Жиынға, Мақтаарал аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Абай Есенбеков, аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Ералиев, аудандық «әлеуметтік — психалогиялық сүйемелдеу» ортылығының басшысы Ербол Буртенов және «Дәуір» ЖОМ-нің директоры Л.Тушегенова, ауылдық округ учаскелік полиция инспекторлары қатысқанын айта кеткен жөн. Кездесу барысында, құқықбұзушылықтарды алдын алу және этнос аралық татулықты нығайту, ата-аналарға және ұстаздарға құрмет тақырыптарында кеңінен әңгіме қозғалды. Жиынад мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жиналысты ұйымдастырушылармен қызу пікір алмасты. Кездесу соңында мектеп басшылары ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуына қолдау білдіретіндігін айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтаарал ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде жүзеге асып келеді
Мақтарал ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөніндегі мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тегембаев жүргізен жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Мақтааралға барды
ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехын аралап көріп, жұмысшылардың ахуалымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, […]
Мақтааралдағы Ж.Ералиев ауылдық округі диқандары әр гектардан 28,3 центнерден өнім жинауда
Мырзашөл өңіріндегі ауылдық округтер арасында мақтадан мол өнім жинап, көш бастап келе жатқан Ж.Ералиев ауылдық округі диқандары әр гектардан 28,3 центнерден өнім жинауда. Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінің шаруалары да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, […]
Пікір қалдыру