Бүгін Созақ ауданында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында ауылшаруашылығын қортындылаған жиында барлық ауыл округ әкімдіктері өз өнімдерін қойып тиімді бағада халыққа ұсынды.Өндірісті аграрлы ауданның шаруалары мемлекет қолдауымен және өздерінің тынымсыз еңбегінің арқасында биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Бүгінде жүйелі жоспарланып, жіті ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4170 бас тұсақ қойлар алынып, меже 184 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалды. Аудан бойынша барлығы 801 агроқұрылым тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Оның ішінде 30 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 763 шаруа қожалықтары. Осы агроқұрылымдардың ішінен 86 шаруашылық «Қазақстан Фермерлер Одағы» РҚБ мүше болып тіркелгендігін айта кетекеніміз жөн. Биылғы жылы аудан бойынша 2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленген, қазіргі таңда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Созақта Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауы болып өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық […]
Созақта «келесі аялдама ауылдық кітапхана» атты сырласу кеші өтті
3 аялдама-Келіншектаудың етегінде, бұлдырап аққан Арпа өзенінің бойында, табиғаты жарасқан әдемі әжелерімен, қарт қариясымен, үлгілі отбасымен, инабатты келінімен, әдемі жастарымен көрікті Абай елінде «Аяулы ауыл Абай»-үлгілі отбасылар кітапханада- сырласу кеші өтті. Сырласу кешіне жеті үлгілі отбасы […]
Созақта «мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» деген атаумен мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтілді
Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шараға, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен көпшілік қатысты. Созақ аудан әкімі Салыхан Полатов […]
Пікір қалдыру