Арыста қазыналы қарттар жастармен жүздесті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қалалық білім бөліміне қарасты Жиделі жалпы орта мектебінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Өлкетану» базалық бағытының және  «Елімнің шежірелі байлығы» мен «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Қазыналы қарттарым» атты мерекелік кеш жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.Мерекелік кешке Жиделі мен Аққала, Байырқұм және Көкжиде елді мекендеріндегі ауыл ақсақалдары мен ұлағатты ұстаздар шақырылып, өз ой-пікірлерін ортаға салғанын айта кету керек. Сонымен қатар, бұл игілікті шарада қазыналы қариялар «Менің айтарым», «Шежірелі ардагерлер» және «Адам ұрпағымен көрікті» бөлімдері арқылы ұстаздарға, жас мамандарға және ата-аналарға өмірлік тәжірибелерінен сыр бөлісті.
Айта кету керек, кешті ұйымдастырушы мектеп директоры, қалалық мәслихат депутаты Г.Ауезоваға ардагерлер мен қатысушы қонақтар көпшілік көңілінен жол тапқан шараға ыстық ықыластарын білдіріп тарқасты
.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*