Созақтағы елдімекендердің көшелері жарықтандырылып жатыр

Дана қазақ әрқашанда жолаушы жүрген даңғыл жолды кие тұтып, қадірлеген. Осыған орай, қалың қауым кие тұтқан жол бойын жарық нұрға бөлеген мақсатында мереке қарсаңында Созақ ауданындағы бірнеше ауыл округтеріндегі көшелерді жарықтындыру ісі қолға алынды. Нәтижесінде Жартытөбе ауылы, Қызылкөл елді мекені, Сызған, Жуантөбе, Шолаққорған ауылдарының негізгі көшелерін аудандық бюджет есебінен жарықтандырылды. Нақтырақ атап айтқанда, Шолаққорған ауылындағы орталық Сұлтанбек Қожанов және Сабит Мұханов кошесіндегі 17,5 (9,5) шақырым көшенің жарықтандырылуының қосылуына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысты. Бұл жарықтар энергия қуатын аз тұтынып, тұрғындарының кеш мезгілінде қолайлы жүріп тұруына жағдай жасайды. Ауыл елді мекендерді жарықтандыру жергілікті бюджет есебінен іске асырылды.

Жуантөбе ауылындағы Ж.Қаламбаев, Ә.Жақсыбайұлы, Төле би және Б.Достайұлы көшелері 2,5 шақырым. , 7,3 млн. теңге. Сызған ауылдық округіндегі Қозмолдақ елді мекеніндегі көше жарығымен жарықтандырылған Қ.Тоқмұхамедов көшесінің 1,3 шақырымы жарықтандыру жүйесін пайдалануға берілді

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*