Арыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 қабатты үйлер бой көтерді

Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үш көпқабатты үй салынды, деп хабарлайды Күнгей.kz республикалық «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы жаңадан бой көтерген шағын аудандағы алғашқы нысандар бой көтеріп үлгерген. Мұндағы 100-ден астам пәтер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға және кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Әлеуметтік баспананы салуға мемлекет қазынасынан 800 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, осы маңда тағы 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келесі жылы пайдалануға берілмек. Мұнан кейін жергілікті әкімдік мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған бірнеше 5 қабатты үй салуды көздеп отыр. Мақсат – ауылға қажет мамандарды баспанамен қамту.

«Тұрғын үй кезегінде тұрған 1388 адам бар. Солардың 106-сы осы үйлерден пәтер алады. Тағы  5 қабатты 5 үй салынады. Сонымен, қалғаны 1-2 жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі» дейді Арыс қаласының Мұрат Қадырбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*