ЖАСТАР ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ФУТЗАЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Созақ ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесіне орай, Созақ ауданы әкімінің жүлдесі үшін аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері арасында  футзалдан облыстық турнир өтті.

Шараның басты мақсаты, аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Тартысқа толы өткен жарыс нәтижесінде ІІІ орын — Отырар ауданының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне бұйырса, жүлделі ІІ орын — Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандарына бұйырды. Ал, І орын — облыстық отбасы, балалар мен жастар ісі жөніндегі басқарма қызметкерлеріне бұйырғанын айта кету қажет.

Спорттық шараның соңында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысы Береке Дуйсебеков жеңімпаз атанған командаларға кубоктар мен алғыс хаттарды табыстады. Мұнан бөлек ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтарды табыс етілгенін айта кету қажет.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*