Шардара ауданында биыл 3 елдімекен газға қосылды

Биылғы жылы Шардара ауданында конкурстық құны 2224,3 млн.теңгені құрайтын 5 нысанның құрылысы жүргізілуде (Білім саласы бойынша 2 нысан. Тұрғын үй саласы бойынша 2 нысан. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 1 нысан).

Сонымен қатар, аудан бойынша 3 елді мекен (Қазақстан, Целинный, Ұзын ата) табиғи газ көзіне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 13 730 адам (2026 үй), аудан тұрғындарының 17,3 пайызы. 2018 жылға «Газ тасымалдау жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 869,3 млн теңге (о.і. обл. бюджет 858,9 млн теңге, ауд. бюджет 10,4 млн теңге) бөлінді. Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық елді мекендерінің ішкі газ жүйелері құрылысына облыстық бюджеттен 87,3 млн. теңге бөлініп, мердігерлермен келісім-шарттар түзіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі. Шардара қаласын және қаламен іргелес елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін «ОҚО, Шардара ауданы газбен қамтамасыз ету үшін ГРС-18 және газ құбырын бұрып алу (түзету)» жобасы бойынша құрылысына облыстық бюджеттен 771,6 млн. теңге бөлініп, құрылысы 2018 жылы желтоқсан айында аяқтау күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*