ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Отырар ауданының Шәуілдір ауылында салынатын күн қуат станциясының қуаттылығы 50 МВт  құрайды деп жоспарлануда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, жобаның құжаттамасымен таныстырып, аукциондық сауда саттықты ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында семинар өтті. Осы орайда Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған  іс-шараның мақсаты – әлеуетті инвесторлар үшін заңнамалық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Айта кету қажет, алдағы уақытта осы кәсіпті жүргізетін салымшылар арасында іріктеу өткізіліп, жеңімпаздары анықталады. Мұнан өзге, семинарға  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі,  БҰҰДБ сарапшы-мамандары, жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар, аймақтық электр желілері компанияларының қызметкерлері мен ЮСАИД және Қытай, Франция, Италия, Польша мемлекеттерінің инвесторлары қатысты. Сонымен қатар, жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін жерін көріп, орналасуының ыңғайлылығын таразылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*