Шардарада кәсіпкерлер көп балалы анаға баспана сыйлады

Түркістан облысы әкімінің «Қамқорлық» бағдарламасы аясында бүгін Шардара ауданында тағы бір отбасы баспаналы болды.

Аймақтағы бір топ ел ағалары мен кәсіпкер азаматтар бірігіп, сегіз баланың анасы Қарлығаш Манаповаға 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етті. Ізгі шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, үйлі болған көпбалалы ананы құттықтап, алдағы уақытта осындай үлгі тұтар қайырымды шаралардың жалғасын табарына сенім білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*