ОҚО тұрғындарының назарына!

ОҚО тұрғындарының назарына!

Оңтүстік өңірінің коммуналдық мәселелерін дер кезінде шешу мақсатында 2015 жылдың 4 қараша күні облыстық Бірыңғай байланыс орталығы ашылған болатын.

Яғни, тұрғындар өздерін мазалаған коммуналдық мәселе жөнінде 87252/39-55-55/ байланыс нөміріне қоңырау шалып, білікті мамандардан жылдам әрі сапалы жауап ала алады.

Қазіргі таңда операторлар барлық коммуналдық саламен тығыз жұмыс жасауда.

Жалпы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап,облыс тұрғындарынан 901 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде, газ мәселесі бойынша-84, электр қуаты бойынша-136, су мәселесі бойынша-79, жылу мәселесі бойынша-282 және басқа да мәселелер бойынша (қоқыс,түбіртек,аула тазалау,мекеме мекен-жайы мен байланыс нөмірлері)-215өтініш шешімін тапты.

Байланыс орталығының операторлары әр қоңырауға мұқият назар қойып, оның орындалуын бақылауда ұстап, Сіздерге көмек беруге дайын екендігін хабарлайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*