ШАРДАРА: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, өңірдегі өндірістік әлеует пен әлеуметтік мәселелерді талқылады. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар қатысып, өндіріс саласындағы өзекті түйткілдерді көтерді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан ауданның өндірістік инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамыту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеу, өндірістік кооперативтер құру, жергілікті өнімдерді экспортқа шығару сияқты ұсыныстар айтылды.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселені мұқият тыңдап, нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және өңдеуші өнеркәсіп саласына инвестиция тарту жұмыстары алдағы уақытта басты назарда болатынын атап өтті. Арман Қарсыбаевтың айтуынша, аудан өндірісін дамыту – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартудың басты тетігі.

Әкімнің қабылдауына келген азаматтар аудандағы индустриалды аймақ жұмысының жандануына, жаңа зауыт-фабрикалардың ашылуына қызығушылық танытып, нақты жобаларды ұсынды. Бұл бастамаларды аудан басшысы қолдап, тиісті бөлім басшыларына жедел әрі сапалы жұмыстар атқаруды тапсырды.

Қабылдау қорытындысында Арман Қарсыбаев тұрғындардың әрбір ұсынысы назардан тыс қалмайтынын және өндірісті өркендету арқылы Шардараның экономикалық қуатын арттыру басты мақсат екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлер мен өндіріс саласындағы мамандарға кең көлемді қолдау көрсетілетіні айтылды.

Тұрғындар әкімнің ашықтығына, өндірістік мәселелерге жан-жақты көңіл бөлгеніне ризашылық білдіріп, ауданның өндірістік келешегіне сенім артты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*