СОЗАҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Созақ ауданында инфрақұрылым мен елді мекендерді абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осы орайда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Шолаққорған ауылына барып, атқарылып жатқан құрылыс және көріктендіру шараларымен танысты. Аудан басшысы ішкі көшелерді кешенді дамыту жобасының сапасын тексеріп, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Өңір басшысы С.Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдары, көше жарықшамдары, жол жиегіне қойылып жатқан тастар мен бетоннан құйылған арықтарды жаңарту жұмыстарының жай-күйін көріп шықты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы маңызды нысандардың бірі — жаңадан бой көтеріп жатқан аудандық кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Сапар барысында Жеткіншек мөлтек ауданында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен салынып жатқан 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Сондай-ақ, 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы аталған құрылыс алаңдарында да болып, мердігер өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасына қатысты қатаң талаптарды сақтауды тапсырды. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағында егілген көшеттердің күтімі мен сақталуы да назарға алынды.

Айта кетейік, С.Қожанов көшесінде Шымкент бағытындағы кіреберіс Ерімбетов көшесінен бастап, «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 7 шақырымдық аумақта үлкен жолдың екі жағынан аяқ жол салынуда. Бұл көшеге 235 дана жарықшам, 4 аялдама, 60 қоқыс жәшігі мен орындықтар орнатылатын болады. Оған қоса, үлкен жол бойына 352 дана көше жарықшамдары орнатылып, көшенің көркем келбетіне ерекше көңіл бөлінуде. Ал Жібек жолы көшесіне Түркістан бағытындағы айналма жолдан «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 6 шақырымдық аумақта екі жақты аяқ жол салынуда. Сонымен бірге, 2,5 шақырым арық жаңартылады. Бұдан бөлек, Ш.Оқшиев көшесінен бастап айналма жолға дейін 1,5 шақырымдық велосипед жолы салынады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*