Отырарлықтар Шахановты ақ түйеге мінгізді

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов бастаған отырарлықтар ауданға кіре беріс бас қақпадан бірнеше көліктен тұратын кортежді қарсы алды. Мұнда ұлтымыздың айдарлы перзенті, даңқты жерлесіміз, Әлем ақыны Мұхтар Шаханов пен мәртебелі қонақтарды аса құрметпен күтіп алып, қасиетті Арыстанбаб кесенесіне жол тартты. Жетпіс бес жылдық мерейтойы қарсаңында туған жердің төсінде шығармашылық кешін өткізуге арнайы ат басын бұрған ақиық ақынымыз Арыстанбаб кесенісінде зиярат жасап, құрбандыққа мал шалып, Құран бағыштады. Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген көне Отырар қаласының орнын аралады. Мұнан соң қонақтарды аудандық Мәдениет сарайының алдында отырарлықтар асқан құрметпен қарсы алды. Отырар аудан әкімі отырарлықтардың атынан ақынға ақ түйенің тізгінін ұстатты. Жас жігіттер ше түйеге қарғып мінген Мұхтар ағамыз ақ түйемен екі айналым жасады. Қол соғып, қолдап тұрған жерлестерінің қуанышында шек жоқ. Осы іс-шарадан соң қонақтар фойеде орналасқан ақын шығармашылығынан сыр шертетін көрмемен танысып, мерейтой иесінің «Туған күн кешінде» әнінің сазымен жерлестері күтіп отырған үлкен залға бет алды. Кешті жүргізуші айтыскер ақын Ж.Нәлібаева кездесудің мақсатымен таныстырған соң, аудан әкімі Ерлан Айтахановқ құттықтау сөз сөйледі.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*