ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ОТАНШЫЛДЫҚ КЕПІЛІ

Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің тапсырмасына сәйкес Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы С.Қожанов атындағы орта мектебінің базасында қаламыздағы білім мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілеріне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді орындауға, өскелең ұрпағымыздың санасында сілкініс туғызып, «Туған жерді» сүюге, Отанды қорғауға насихаттайтын патриоттық білім беруді жүйелі жүргізу жолдары айқындалып, мәжіліс барысында нақты тапсырмалар берілді.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы, әлемдегі БҰҰ мен Қазақстанда болып жатқан саяси жағдайлар бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Е.Билалов,Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты бағыттарға тоқталып,жиынға қатысушыларды жастарға әскери білім берумен қатар еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін оятып,Отан алдындағы азаматтық парызын адал орындауға, адамгершілікке
тәрбиелеуге шақырып, жиынды қорытындылады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*