ОҚО-да 10 елдің ортопед, травматолог мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазіргі кезеңдегі травматология және ортопедияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына облыс әкімі Ж.Түймебаев, АҚШ, Германия, Ресей, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Сербия сынды он мемлекеттен 14 ғалымдар мен үш жүзге жуық дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орнының студенттері қатысты.Медицина шекара таңдамайтынын айтқан аймақ басшысы шетелдің білікті ортопед, травматолог мамандары қатысып отырған бүгінгі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгінгі конференциядағы көтеріліп отырған тақырыптың қоғам үшін өте маңызды екендігін баса айтқым келеді. Соңғы жылдары отандық медицина саласында дәрігерлеріміз елеулі жетістіктерге жетіп, халықтың денсаулығын қорғауда тың технологияларды қолданысқа енгізуде. Мемлекет басшысының 2015-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде медицина саласын қаржыландыру жылдан жылға ұлғайып, ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық жағдайы жақсаруда. Дәрігерлер медицинасы озық елдердің клиникаларында тәжірибе жинақтап, кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Ұлт денсаулығын сақтауда аурудың алдын алуға баса мән беріліп, саламатты өмір салтын ұстануда», — деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*