ОҚО әкімі Иран Ислам мемлекетінен келген делегациямен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы Алирез Рашидиан бастаған делегациямен кездесті. Аймақ басшысы шетелдік қонақтарды Оңтүстіктің инвестициялық әлеуетімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды.Сондай-ақ, әкім Оңтүстік пен Иран провинциялары арасында, оның ішінде Хорасан Разави аймағымен өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланысты арттырудың мол мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Сізбен кездесіп отырғаныма және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Хорасан провинциясы арасындағы екі жақты байланысты дамыту бойынша пікір алмасуға қуаныштымын, Губернатор мырза. Иран – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған елдердің бірі. Біз биыл екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толуын атап өтеміз. Иран – Қазақстанның Таяу Шығыс елдері арасындағы екінші сауда әріптесі (БАӘ елінен кейін). Қазақстан мен Иран ШЫҰ, ИЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар арасында белсенді байланыс жасауда. Екі елдің ЕАЭО аясындағы қарым-қатынасы да тиімді әрі болашағы жарқын болмақ», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*