Оңтүстікте өткен «RIC ON KO’RME» апталық жәрмеңкесінде арзан бағада өнімдер ұсынылды

Оңтүстікте өткен «RIC ON KO’RME» атты апталық жәрмеңкесінде «Максимум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аймақтық инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алып, кәсібін жүргізген 40-қа жуық кәсіпкер қатысып, халыққа отандық өнімдерін төмен бағада ұсынды. Олардың қатарында балық және шұжық, жеміс-жидек, көкөністер, ет және сүт өнімдері бар екенін айта кеткен жөн. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтарды да табуға болады.Жәрмеңкенің салтанатты ашылу рәсімінде балалар үшін ойын-сауықтар, және ұлттық ойындар ұйымдастырылып, халыққа палау таратылды. Бір бұрышта жәрмеңкеге қойылған еттерден барбекю пісіріліп, халықтың берген бағасы арқылы ең дәмді ет анықталды.

Айта кету керек, аталмыш шара Елбасымыздың халыққа жолдауы, рухани жаңғыру аясында қолға алынып, басқа да ұйымдарға әлеуметтік шараларды өткізуді насихаттауды көздейді. Сондай-ақ, компанияның «RIC ON KO’RME» атауы арқылы латын әліпбиіне көшуді қолдайтынын көрсетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*