Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ордабасы ауданындағы жеке кәсіпкер Ермекбай Утеевтің жылыжайына барып, жұмысымен танысты. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн. теңге несие алған кәсіпкер жылыжай салып, 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр екен.Сонымен қатар, өңір басшысы Төрткүл ауылындағы «Нұр Агро 73» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу зауытының да жұмысымен танысқанын айта кету керек. Өз жұмысын 2016 жылы бастаған нысанның инвестициялық құны – 255 млн. теңгені құрайды екен. Мұнда бүгінгі күнде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылвп отыр. Оның ішінде 230-ы жергілікті тұрғындар екенін ерекше атап өткен жөн.14 өндірістік құрылғыда жылына 30 мың тонна мақта өңделеді. Оңтүстік өңірі көлемінде Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандарынан мақта қабылдайтын көрінеді. Қазіргі таңда, Төрткүлде дайындалған мақта талшықтары Чехияға, Белорусия мен Молдоваға экспортталып жатыр. Мұнан өзге облыс орталығы Шымкент қаласындағы «Меланж текстиль» фабрикасына жөнелтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 450 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 2,5 есеге көбейіп, Түркістан облысының республикадағы үлесі 3-ші орында тұр. Бүгінде […]
ОҚО-дағы «Химфарм» компаниясы Өзбекстанға өз дәрілерін экспорттайтын болды
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрші елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысқанын айта кету керек. Іскерлік кездесуге Оңтүстік […]
ОҚО-да күніне 60 тонна ет экспорттауға қауқарлы комбинат жұмыс істеп тұр
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында алғаш рет ирандық инвесторлардың қатысуымен ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат ашылды. Мұнда тәулігіне 3000 бас ұсақ мал мен 200 бас ірі қара сойылып, әзірленеді деп хабарлайды […]
Пікір қалдыру