Д.САТЫБАЛДЫ: ОРДАБАСЫДА ЖАРТЫ ЖЫЛДА 3 3АУЫТ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың демографиялық өсімін ескере отырып, соған лайықты тұрақты жұмыс орындарын ашу керектігін айтқан болатын. Президент өңірдегі әр 10 мың тұрғынға шаққанда 100 тұрақты жұмыс орнын ашуды міндеттеді. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданына үш зауыт іргесін тіктеді. Тек өңірдің ғана емес, облыс қала берді бүкіл елді қамтитын болады.

ООлардың бірі,алюминий профиль бұйымдарын шығаратын «GOLD ALUMINIUM» ЖШС-гі. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 10 мың тонна өнім шығаруға жетеді. Жоба «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан. Инвестициялық құны 3 млрд теңгені құрайтын бұл жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары өз қаржысы есебінен жүргізіліп, биыл мемлекеттік қабылдаудан өтті. Кәсіпорын жыл соңына дейін 100 жаңа жұмыс орнымен ашатын болады. Зауытта боялған және боялмаған плюминий профильдері шығарылады.

Сондай-ақ, Ақбұлақ ауылында «Kaz Kioti» ауыл шаруашылық тракторларының өндіріс зауыты ашылды.

Айта кету керек, «KAZKIOTI» ЖШС кәсіпорны бүгінде өз өнімдерін Түркістан облысы және Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал, Ақтөбе қалаларына жөнелтіп отыр. Жоба құны – 7,2 млрд теңге. Жылына 2000 дана техника шығаруға қауқарлы кәсіпорында 50 адам  қызмет етеді.

Айта кетейік, елімізде су үнемдеу технологиясы арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін өсіріп жатыр. Аталғансуды үнемдеу үшін тамшылатып немесе жабырлатып суару әдістерін қолдауы керек. Өңір басшның айтуынша суару мәселесін шешуде арнайы суару техникаларын шығартын зауыттар іздеп, тек Алматы қаласында бар екені анықталған. Ол Израйль мемлекетінің өндіріс орны. Демек, мемлекеттен субсидиялау нормасы 80 пайызды құраса, бүгінгі күнге дейін қаржыны шет мемлекеттің қалтасына салып отырғаны байқалады. Осы зерттеудің нәтежиесі ішкі өнімді қамтитын зауыттарды Ордабасыда ашты.

Жалпы Түркістан облысында кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту, жаңа жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар қарқынды.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*