Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңес өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары А.Қаныбековтың жетекшілігімен өткен іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, қаржы ұйымдарының өкілдері мен аудандардан жиналған шаруалар қатысты. Семинар кеңестің тәжірибелік бөлімі Ақбастау ауылындағы Домалақ ана кесенесі маңындағы тұт бауында жалғасты. Аталған бау облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асқан «Шатқал» бағдарламасы аясында егілген. Баудың жалпы аумағы 55 гектарды құрайды. Оның 30 гектарына тұт ағашы, ал 25 гектарына шырша ағашы отырғызылған. Дәл осы бауда жеке шаруа Сұлтан Бакиров жиналғандарға жібек шаруашылығының көпшілік білмейтін құпияларын айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 6 жылдан бері жібек өндірісін зерттеп жүрген Сұлтан Бакиров биылдан бастап жібек құртын өсіруге кіріскен. Оның айтуынша, жібек құртынан жылына 4 мәртеге дейін жібек талғашығын алуға болады. Кәсіпкер алғашқы айналымның өзінен 110 келі жібек алуды жоспарлап отыр. Жобасы толықтай жүзеге асса, ол жылына шамамен 40-50 тоннаға дейін жібек талшығын өндіріп, 1000- нан астам жаңа жұмыс орындарын ашпақ.
Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібек ауданында 43 мың гектарға мақсары егілді
Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданы мақсарысымен аты шыққан өңір екені әмбеге аян. Қазірде бұл дақылға шетелден де сұраныс аса көп. Былтыр ауданда 23 мың гектарға мақсары егілгенін айта кетейік. Сонымен қатар, биыл оның көлемі 43 мың […]
Оңтүстікте «Жүрекпен жазылған жыр» атты облыстық семинар-кеңес өтті
Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Шардара ауданы Сүткент ауылдық мəдениет үйінде жазба ақындарға арналған «Жүрекпен жазылған жыр» облыстық семинар-кеңес өтті.Жиынның мақсаты- қазақ поэзиясына қадам басқан дарын иелеріне дұрыс бағыт беру, шеберлігін шыңдау, сөздің […]
«Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі өз мəресіне жетті
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы жəне «ЭКСПО — 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне мен «Түркістан 2017 жыл — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай […]
Пікір қалдыру