Оңтүстік Қазақстан облысының жастарынан құралған еріктілер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанды. Жастар көрме қонақтары мен шараға келушілерге 1 ай бойы қызмет көрсететін болады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанған ерікті топтың Астанаға барып, келу шығынын жергілікті билік толық өз мойнына алып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 6 млн теңге бөлініпті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктілері жолға шықпас бұрын, олар облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Өңір басшылығы Астанаға аттанғалы жатқан жастарға сәттілік тілегенін де айта кеткен жөн. «Басында еріктілердің саны 100 болған еді. Қажеттілікке орай тағы 50 жас қосылды бұл санатқа. Сіздерге облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың атынан сәтті сапар тілеймін. Қазірдің өзінде оңтүстіктен халықаралық көрмеге сатылған билеттің саны 150 мыңға жуық болып отыр. Ал, көрмеге еліміз бойынша 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылмақ. Соның 150-і — оңтүстіктен»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы.Елордасы Астанаға аттанып бара жатқан еріктілер талай електен өтіп, іріктелген жастар. Олар бұған дейін түрлі семинар-кеңестерге қатысып, ой-танымын арттырып, білімдерін шыңдаған. Сонымен қатар, шетел тілдерін жетік меңгерген екен.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктегі «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің қоры 114 жəдігермен толықты
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік – тарихи мәдени қорық – музейінің ұйымдастыруымен «Музейге сый» акциясы өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Ата бабаларымыздан мұра болып қалған кең байтақ жерімізді, тарихи-мәдени құндылықтарымызды, тарихымызды, ізгі […]
ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік […]
Оңтүстікте 8 мектеп үш тілде білім беріп жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу бағытында жұмыстар жалғасын табуда. 2013 жылдан бастап облыстағы 17 мамандандырылған дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының 8-інде үш тілде білім берілуде. Қалған 9 білім ұйымдары кезең-кезеңмен үш […]
Пікір қалдыру