Шардара ауданындағы үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорын жылына 600 тонна балық өндіреді. Қазір өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағалалы аймақта балық өңдеумен айналысатын төртінші кәсіпорын. Өндіріс орнын ашу үшін кәсіпкер әуелі 58 млн. теңге қаржы шығындады. Істі ілгерілету үшін мемлекет қолдауына да иек артты.Сөйтіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге несие алды. Бүгінде балық өңдеу зауытына Арал, Көксарай мен еліміздің батыс аймақтарынан да тонналап шикізат жеткізіледі. Одан мұндағы мамандар филе, мұздатылған және ысталған балықтың түр-түрін өндіреді. Зауыт жұмысының ерекшелігі сол, қалдықсыз технологияны басшылыққа алған. Өнімі сапалы Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталуда. Кәсіпорын алдағы уақытта балықты өздері өсірмек. Айту керек, Шардарадағы бұған дейін ашылған «Хамит», «Шардара балық-1» және кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтыр 4 мың тоннаға жуық 3 млрд. 2 млн. теңгенің балығын өңдеген. Ал, «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуымен биыл бұл меже тағы 30 пайызға артатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаушықұмдық жастар қарбыз егіп пайдаған кенеліп жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара […]
Шардарада балық шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорында 300 тоннаға жуық балық бар
Жалпы Шардара ауданында балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу […]
Жырсүйер қауым Әлібек Шегебаймен кездесті
Шымкент қаласындағы ақынның жырына сусаған халық бұл күнде «Отырар» кітапханасына қарай ағылды. Себебі, мұнда «Сырдың сыршыл ақыны» тақырыбымен Шардара ауданының түлегі, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Әлібек Шегебайдың кездесу кеші өткізілді. Сүткенттің сары баласы […]
Пікір қалдыру