ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаждың жұмысымен танысты. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж «ЭЦВ-12-210-15» атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық меншікте. Республикалық меншіктегі тік дренаждардың 260-ы жұмыс жасайды. Жалпы, Мақтарал ауданында тік дренаждар мен коллекторлық жүйелер толықтай қалпына келетін болса, жердің тұздану мәселесі шешіліп, топырағының құнарлығы бірнеше есе жоғарылайтын болады.Мұнан соң, облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 92,2 гектар жерді жаратып жатқан қожалық 12 адамды жұмыспен қамтыған. Орташа жалақылары 47 000 теңге. 2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылы егілген. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі «Бағдат» шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адам жұмыспен қамтылған және 30-ға жуық техникалары бар. Осылардың арқасында биыл мол өнім алып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда оқулықтарға қазынадан 280 миллион бөлінген
Биыл Мақтаарал ауданында 11 сыныпты бітірген 4172 оқушының 2648-і Ұлттық бірыңғай тестке қатысуға өтініш беріп, оның 2646-ы қатысты. Ауданның орташа көрсеткіші 70,5 балл болып, өткен жылдан 6,48 балға төмендеген. 70 мектептен 318 оқушы 100 және […]
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
ТҮРКІСТАН: Мақтаның бағасы 150 теңгеге көтерілді
Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылы 131 мың гектар алқапқа мақта дақылы егіліп, 343,6 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Өңірде бүгінгі таңда 25,8 мың тонна шитті мақта жиналды, ол жалпы қордың 8%-ы. Аймақта қайта өңдеумен […]
Пікір қалдыру