Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға жетіп отыр. Алма өсіру – Оңтүстікте ауыл шаруашылығының басымды бағыттарының бірі екені баршаға аян. Өңірдің табиғаты қолайлы болғандықтан алма облыстың кез келген ауданында өсіруге мүмкіндік бар. Дегенмен бұл шаруашылықпен айналысуды Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш, Ордабасы және Бәйдібек ауданының шаруалары мықтап қолға алып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында алма өсірумен айналысатын 100-ге жуық шаруа қожалықтары бар. Соның ішінде «Амангелді» ЖШС-гі ең ірісі саналады. Аталған серіктестік иелігінде бүгінде 530 гектар алма бауы бар. Ал, «Арсенал сад” ЖШС-гі 304 гектар жерде өз бауын жайқалтып отыр. Оңтүстік Қазақстанда өсірілген алма жемісі негізінен Қазақстанның өзге облыстарымен қатар Ресей мен Өзбекстанға экспортталады.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 100 ГЕКТАР ЖЕРГЕ АЛМА БАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ
Түркістан облысы Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы құрылды. Инвестициялық іс-шаралар шеңберінде «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауымен және қаржыландыруымен ағымдағы жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданында жалпы көлемі 117,6 гектар болатын 7 интенсивті отбасылық алма […]
Оңтүстікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтар 1,6 миллиард теңге жарна төлеген
Оңтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтардың өз еріктерімен облыс көлемінде 1,6 млрд теңге жарна түскен. Салымшылардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелерден және кәсіпорындардан түсіп отыр.Департамент басшысының айтуынша, облыста «Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік […]
Астанада ЭКСПО қонақтарына Оңтүстіктің ұлттық сусындары мен жеміс-жидектері тегін таратылды
Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy»-ның екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – […]
Пікір қалдыру