«БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкентте тағы бір индустриалды аймақ құрылыуы мүмкін. Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
 Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Осыған дейін мұнда 14,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым газ құбырлары тартылған. Электр қуатымен қамту мақсатында қосалқы станция орнатылып, 8,8 электр желісі жүргізілген.
Мердігерлер автомобиль жолдарының құрылысын да кестеге сай атқаруда. Сондай-ақ қазір кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде.
Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтуды тиісті талаптарға сай орындауды тапсырды. Құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі.
132,9 гектар аймақта жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын тамақ өнеркәсібі бойынша 30 жобаның пулы жасақталған. Жобалар
1000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды. Бүгінде 20,7 млрд теңгені құрайтын 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын қамтитын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорындарды 2025-2026 жылдар аралығында іске қосу жоспарланып отыр.
Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның өтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда,Айта кетейік, бүгінде қалада «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жемісті жұмыс істеп келеді. Оларда жалпы инвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылған.

Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады.

Сондай-ақ, жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақта өнеркәсіптік жылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылуы болжамдануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*