ШЫМКЕНТТЕ АДАМ ӨЛІМІНІҢ САНЫ АЗАЙҒАН

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков «Дені сау ұлт» жобасы аясында белгіленген 11 индикатордың 10 орындалған және 1 индикатор жылдың қорытындысымен есептеліп шығатынын айтты. «Шымкентте өткен жылмен салыстырғанда өлім көрсеткіштері 17%-ға төмендеген. Оның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 26%-ға, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 5%-ға, ана өлімінің көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48.8%-ға төмендегенін көрсетіп отыр»,- деді қаланың бас дәрігері.

Әлемде медицина ай санап, тіпті күн санап қарқынды түрде дамып келеді. Жыл сайын ғылыми медицинада нағыз революциялық мәнге ие жаңалықтар ашылып жатады. Дәл осылай кете берсе, болашақтың медицинасы күрт өзгеруі бек мүмкін екенін мамандар да растап отыр. Әйткенмен, келешек заманның денсаулық сақтау саласының нақты бейнесі, көрінісі қандай?
Медицинадағы соңғы жылдардағы жаңалықтар «фантастиканы шынайы өмірге айналдыратын технологиялар» ретінде бағаланып отыр.   Жалпы, болашақтың медицинасы алдына «барлық ауру түрлерін жеңеміз» деген ұлы мақсат қойып отыр. Әлбетте, оған жете алуы неғайбыл. Медицина дамыған сайын аурулардың жаңа түрлері шыға беретіні де шындық. Әйткенмен, ғалымдар оңайлықпен берілер емес. Олардың арманы – аурулардың барлығын жеңіп қана қоймай, толықтай алдын алатын деңгейге жету.

Денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау нысандарын дамытудың 3 жылдық жоспары қабылданды. Осының аясында жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 100 жаңа арнайы автокөліктер берілді. Ол жерде біріңғай  «Колл-центр» іске қосылып, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде жетуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 ірі жоба іске асырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*