Шежірелі Шардара – қойнауы қазына, жері құтты мекен, облыстың оңтүстік бөлігіндегі қарқынды дамып келе жатқан аудан. Тарихы тереңде жатқан өңірде балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы бар. Бұл – өңіріміздің көз қуанышы, еліміз үшін стратегиялық нысан. Өңір балық шаруашылығына ден қойған.
Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 224 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.
Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Осы ретте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова, басқарма бөлімінің бас маманы Абай Сәдірқожа ауданда жаңадан ашылған балық шаруашылықтарына арнайы барып, шаруаларға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіріп, «Ауыл аманаты» жобасында шаруаларға қандай көмек көрсетілетінін айтып, субсидия алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2023-2024 жылдарға облыс аумағындағы 110-ға жуық балық өсіру шаруашылықтары ашылып, жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама бойынша биыл 7000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1345 тонна балық өндірілді. Ал акваөсіру бойынша жергілікті бюджеттен 500,0 млн теңге қаралды. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 237,5 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша өткен жылы 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген болатын. Бүгінгі таңда жасанды балық өсіру шаруашылықтарын құру бойынша қызығушылық танытқан бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға шаруашылық құру алгоритімін түсіндіру жұмыстары жергілікті атқарушы орган және балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, тұрақты жүргізілуде, – деді басқарманың бас маманы Абай Сәдірқожаұлы.
Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия алып, балық шаруашылығын өркендетуге өз үлестерін қосып жүрген шаруаларға барды.
Соның бірі – Тұрысбеков ауыл округінде орналасқан «Мөлдір» шаруа қожалығы. 10 га аумағы бар тоғанды балық өсірумен айналысатын шаруа қожалығы 2023 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда 6 жасанды көл жұмыс істеп тұр. Жақында 4 жасанды көл ашылады деп күтілуде. Әрқайсысы 1 гектар аумақты құрайды. Әр гектардан 10 тоннаға дейін балық алуға мүмкіншілік бар. Жылына 100 тонна балық өсіруге қауқарлы. Биыл алғашқы жыл болғандықтан 60 тонна балық өндірілсе, алдағы уақытта 100 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Мұнда тұқы, ақ амур, сазан секілді балық түрлері өсіріледі. Онда өндірілетін балық өнімдері Шымкент қаласындағы мейрамханаларға жеткізілуде. Шаруа қожалықтың иесі Бекарыстанәлі Сүйінбай өткен жылы бес серіктес бірігіп «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 30 млн теңгеге жуық несие алып, шаруашылықты бастағанын айтып, болашақта Қазақстанның кез келген облысы мен республикасына экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан индустриалды аймақта «Казкрахмал» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жүгеріні терең өңдеу кешені жобасы жүзеге асуда. Жоба 2 кезеңнен тұрады. 1 кезеңді жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Оған жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендері […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан өңірінде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапары аясында Ақбұлақ ауылында орналасқан «KAZ KIOTI» […]
Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар жүзеге асуда. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою маңызды екенін айтып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді. Жоба құны 4,1 млрд теңгені құрайтын білім […]
Пікір қалдыру