Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады.
Аудан басшысы тыл ардагерлері – Сраил Сахов, Анатолий Семенович Коломыц және Айдын Оразбекованың шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ол ардагерлерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұрпақ қызығын көруді тіледі.
“Сіздердің соғыстан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі. Бейбіт күн үшін Сіздерге бүкіл аудан халқы атынан алғыс білдіремін,” – деді А.Қарсыбаев.
Кездесу соңында ардагерлерге Алғыс хаттар, Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Шардара ауданы бойынша 3 елді мекен (Қазақстан, Целинный, Ұзын ата) табиғи газ көзіне қосылған – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап. Былтыр аймақта 6 нысан құрылысы облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, пайдалануға […]
Бүгін Шардара қаласында сазгер, әнші Лесбек Амановтың 70 жылдығына арналған «Қара бауыр қасқалдақ» атты облыстық ән байқауы өтті. Байқауға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, сазгердің бауыры мен ұл-қыздары қатысты. Екі кезең бойынша өткен сайыста үміткерлер […]
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Өндіріс орнының жалпы инвестициялық құны 35,0 млрд.теңге құрайды. Қазіргі таңда зауытта әкімшілік ғимараты (әкімшілік, асхана, жатақхана), жүгеріні […]
Пікір қалдыру