Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының «Қошқар мен теке» толықметражды анимациялық фильмі балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналғанын айта кетейік. Анимациялық фильмді көрсетудегі негізгі мақсат – балаларды қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлермен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру болатын. Осы арқылы олардың бойына отансүйгіштік, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Ертегі кейіпкерлері арқылы бұл өмірдегі ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата білуді үйрету. Сонымен қатар, әлсізге қол ұшын беріп, көмекке мұқтаж жандардың қашанда жанынан табыла білуге баулу. Өмірдің қиындықтарына мойымай, күресуді үйрету болатын.Бұл іс-шара «Оңтүстік фильм» мекемесі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының балаларға кино көрсету бойынша қол қойылған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Екіжақты келісімнің нәтижесінде балалар қызыға тамашалайтын туындылар алда да көрсетілетін болады
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
Оңтүстік бюджеті талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті нақтылануда. Депутаттар алдағы 3 жылға арналған бюджетті нақытылауға кірісті. Биыл бюджет 6 жарым млрд. теңгеге ұлғайып, жалпы қазына көлемі 518 млд. теңгені құраған. Бүгін облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғатты пайдалану […]
ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша бүгін шымкенттік 96 отбасы баспаналы болып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй кешеннің ашылу […]
Пікір қалдыру