Оңтүстік Қазақстан облысынің әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарын Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастады. Аталған серіктестік негізінен заманауи үлгідегі түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін шығарумен айналысады. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға, ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген. Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың 2-ші тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен диірмен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатылған. Нәтижесінде мұнда тәулігіне 450 тонна бидай өңделіп, ұн өнімдері өндіріледі. Бұл жобаның жалпы инвестициялық құны 2 млрд. 680 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталуда.Мұнан соң облыс әкімі Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» ЖШС-нің мал бордақылау алаңын да аралап көрді. Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған. Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО алдағы уақытта 701 елдімекенді ауыз сумен қамтуды көздеп отыр
Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, […]
ОҚО әкімі аудан, қала басшыларына статистикамен жұмыс істеуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, жоғарыда аталған салалар бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен аудан, қала басшыларының жұмысын сынға алды. Өңірдің ауылшаруашылық бағытына бейімделген аймақ екенін алға тартқан Ж.Түймебаев Оңтүстіктің ауылшаруашылық өнімнің нақты көлем индексі бойынша […]
ОҚО әкімі «Шаян» индустриалды аймағында іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты
Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе — инвесторлар тартып, […]
Пікір қалдыру