ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Түркістан облысында ҚР Тәуелсіздік күні кең көлемде аталып өтуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздің ең ұлық мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады. Республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының үздіктеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен киелі шаһарға қоныс аударған өңірдің бірқатар БАҚ басшыларына жаңа пәтер кілттері берілді. Атап айтсақ, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің басшысы мен тілшісі, облыстық «Южный Казахстан» газеті мен «Жанубий Қозоғистон» басылымдарының бас редакторлары мен орынбасарлары Түркістан қаласында бой көтерген жаңа мөлтек ауданнан баспаналы болды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов журналистерге пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, жаңа баспана иелерін құттықтады. Бүгінде Түркістан өңірінде 78 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 6 телеарна қазақ, орыс және өзбек тілдерінде эфирге шығады. Мемлекеттік және өзге тілдерде 55 газет пен журнал, 2 – радио, 15 – ақпараттық сайт жұмыс істеуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*