Шымкентте тағы 4 адамнан короновирус анықталды

Шымкент қаласынан тағы 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.  (27 сәуір 2020 жылғы сағат 14:00 — дағы мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 1991 жылы, 1987 жылы, 1978 жылы, 1973 жылы туылған азаматшалар. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны расталды.  Вирустың таралуының алдын алу мақсатында карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда дәрігерлер науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық екенін хабарлап отыр.  Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп, қажетті дәрі-дәрмегін қабалдауда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып отыр. Олардан да сынама алынатын болады.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жиі  жүргізіліп жатыр.

27.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 175 адам анықталды.  Бұл індеттің өршуі әр бір адамның өз жеке гигиенасына салғырттық танытуынан туындап жатқанын ескертеді. Мамандар көпшілік орындарға қатты қажеттілік болмаса шықпауын өтініп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*