Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының байлығы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласы өкілдерімен кездесті. Олардың арасында саланың үздіктері мен ардагерлері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, кітапхана, театр, музей, мәдениет орталықтарының басшылары бар.
Жиында саладағы маңызды мәселелер талқыланып, мегаполистің мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер талқыланды. Зиялы қауым және мәдениет өкілдері қала әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, саланы дамытуда маңызды бастамаларын жеткізді.
“Қай кезде де мәдениет – халықтың рухани келбеті, ұлт айнасы. Ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу — ортақ міндет. Осы орайда, өздеріңізбен арнайы кездесуді жөн санадым. Алдағы уақытта қала мәдениеті мен өркениетін дамыту бағытындағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз” – деді қала әкімі.
Мәдениет саласының өкілдері жатақхана, ғимарат, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге озық ойлы жас мамандарды жұмылдыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ қалада “Наурыз айтысын” қайта жандандыру бастамасы айтылды.
Қала басшысы жиында көтерілген барлық мәселенің оңтайлы шешілетінін жеткізіп, мегаполис мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды.
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері […]
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы «Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы» ұйымдастырылған. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Еңбегі адал […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушысы Ақмарал Жүнісованың қатысуымен білім саласында сапаны қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарын бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы […]
Пікір қалдыру