ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әкімдік ғимаратының мәжіліс залында ауданыды абаттандыру мәселесі бойынша арнайы жиын өткізді. Атаулы жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде абаттандыру, күзгі тазалық, ауа райына байланысты су тасуының алдын алу үшін арық-атыздарды тазалау жұмыстары қойылып аудан әкімі Досбол Есілбек жыл бойына жалғасын тауып келе жатқан тазалық жұмыстары әрі қарай да тұрақты түрде жүргізілетінін айтты. Баршаны осы бағытта жүйелі жұмыс жасауға шақырып, қоғамда, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру керегін тілге тиек етті. Күзгі көшет отырғызу, республкалық, қала ішілік маңызы бар көше бойлары, саябақтар мен скверлерді, қоғамдық маңызы бар нысандардың айналасын қоқыстардан тазарту, үлкен каналдар мен елдімекен арасындағы, тұрғын үй аулаларындағы арық-атыздарды тазалау, жаңбырлы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтады.
Тазалыққа жауапты тиісті мамандардың алдын-ала дайындаған баяндамаларын тыңдап, осы бағытта жұмыс жүргізу үшін сектор бойынша бөлінген жоспарларын қарады. Барша жиынға қатысушы азаматтарға нақты тапсырмаларын беріп, тазалықтың ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек екендігін басып айтты.

Айта кетейік, ауданда өткен жылы тұрғындар ұсынысы ескеріліп, 27 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Биыл 47 көп қабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекенжайда балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланды. Қазіргі таңда соның он бірі аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды. Қалғандарында жұмыстар жүргізілуде.Сондай-ақ 2025 жылға абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*