ТҰРАН АУДАНЫ: 400 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Тұран ауданында өткен 10 айдың көрсеткіші бойынша жарықтандыру жұмыстары қарқын алған. 2024 жылы 10 айының қорытындысымен 400 көше жарықтандырылды.
2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда. Нәтижесінде жарықтандырылған көшелердің үлесі 42,5% -дан 75 % жететін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Тұран ауданының әкімі Әшірбеков Берік Айдарұлы баяндаған болатын.
Аудан аумағындағы 79 аула аралықтарына 154 дана жарықшамдар орнату бойынша мердігер мекемемен жұмыстар атқарылуда.
Ирригация орнату жұмыстары бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы 32 көшеге 13,4 шақырым ирригация жүйесі салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 24 көше жұмысы аяқталды, 4 көшенің құрылысы жүруде.
Айта кетейік, Ауданда кейбір көшелерде жарықшамдардың істен шыққан бөлігін қайта жөндеу жұмыстары да қолға алынған. Мамандар оның себебін табиғаттың тосын мінезі де себепші болуы мүмкін екенін айтады.
-Шамдардың істен шығуының өзіндік себептері бар. Атап айтсақ, көшені жарықтандыру жүйесінің тозуы, тұтынушылар санының өсуі, қолайсыз ауа райы сияқты түрлі жағдайлар әсер етеді. Мәселен, қалада қатты жаңбыр жауса немесе дауыл соқса кейбір учаскелерде жарық сөніп қалады. Сол сияқты жаңғырту кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз жүргізілуі де кері әсер етуде. Жұмыстар тексеріліп жүргізілетін болады» — дейді сала мамандары.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*