Шымкент: Дендросаябақта веложол мен жүгіру жолағы салынып жатыр

Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан дендросаябақта жүгіру жолағы мен веложол салынып жатыр. Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6500 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 шақырым болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды.
Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды.


Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары толығып, суару жүйесі жаңаланатын болады. Сондай-ақ, саябаққа жақын күндері сирек кездесетін гүлдер де отырғызылған.
Төтенше жағдай кезінде кіре берістегі негізгі қақпа жаңаланған және баспалдақтар қайта салынған. Сонымен қатар, халықтың сүйікті демалыс аймағында әжетханалардың саны да артпақ.
Жаз мезгілінде қала тұрғындарының басым көпшілігі осы саябаққа келетінін айтқан қала әкімі тынығушыларға қолайлы жағдай қарастыруды айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*