Түркістанда қала күні аясында “Тұғыры биік, киелі мекенім — Түркістан” атты мерекелік іс-шара өтті. Ашық аспан астындағы концерттік бағдарламада қалалық “Мәдениет үйінің” өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.
«Жеңіс» саябағында өткен мерекелік шара қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жиналған көрермен қосыла ән шырқады.
«Елбасымыздың Түркістанды облыс орталығы деп әйгілеуі бекер емес. Бұл қаланы түркі әлемінің рухани, мәдени орталығы ету- алға қойған басты мақсатымыздың бірі. Өйткені, мұнда өткеннен сыр шертетін түркітілдес халықтарға ортақ мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштер орын тепкен. Сондай-ақ, біздің рухымыз бен беделімізді асқақтатып тұрған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің орны бір төбе. Себебі қазақ тарихында өшпес із қалдырған 21 хан, 19 би, 52 батыр, 8 сұлтан мәңгілік мекенін осы киелі топырақтан тапты. Барлығы біздің осылай бақытты өмір сүруімізге өлшеусіз үлес қосқан асыл тұлғалар. Ендеше, біз бейбіт заманда ата-баба аманатына адалдық танытып, туған өлкемізді түлетуге барлығымыз атсалысуымыз қажет»- деген тілегін айтты көрермендер
Түркістандық бір топ делегация Түркия елінің Стамбул қаласында арнайы инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Іссапар барысында ірі өндіріс орындарын аралап, инвесторлармен G2В кездесулер өткізіп жатыр. Олардың қатарында әлемдік алпауыт кәсіпорындар да бар. Сондай-ақ, делегация мүшелері бүгін арнайы […]
Түркістанда бұл салада мақта кластерін дамыту, Австралия тәжірибесі негізінде ет кластерін құру, Жібек шаруашылығын дамыту, субтропикалық жылыжай шаруашылығын ұлғайту, қайта өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,2 […]
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың шетелдік компания өкілдерімен өткізген кездесуі өңірдің даму перспективаларын талқылау тұрғысынан маңызды қадамдардың бірі болды. Жиын барысында Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, жаңа авиакомпанияларды тарту, […]
Пікір қалдыру