Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар жүзеге асуда. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою маңызды екенін айтып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді.
Жоба құны 4,1 млрд теңгені құрайтын білім ошағының құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталып, биыл аяқтау көзделіп отыр. Тапсырыс беруші – АО «Samruk-Kazyna Construction». Нысанның бас мердігері – «Ar Kua Group» ЖШС болса, бас жоблаушысы – «Jer Group» ЖШС. Ғимараттың ауданы – 5 921,9 шаршы метр, жердің жалпы ауданы – 2,325 гектар. Бұл білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалады.
-Инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетіледі. Ешқандай кедергі жоқ. Жұмыс орындарын ашу – маңызды іс. Бұл зауыт та өңір экономикасының дамуына үлес қосады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық адами әлеуетті дамыту өкілдерінің мәлімдеуінше, орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған «Bilim Land» білім беру онлайн платформасымен «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум» түзілді. Меморандум аясында облыстағы орта білім беру ұйымдары «BilimLand» білім беру платформасына 100% тегін қосылып, барлық білім беру ресурстары енгізілуде.
Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді.
Пікір қалдыру